Фосфоршылар сарайы келер жылы арнайы орталыққа айналады

23

Фосфоршылар сарайы арнайы орталыққа айналатын болды. Бұл туралы шаһар басшысы Ғабит Сыздықбеков мәлім етті.

Ғимараттың сәулетін қалыптастыруға арнайы ресейлік мамандар шақырылмақ. Ал құрылысы келер жылы басталады деп жоспарланған.

«Алматыда «Сәби фаундейнш» деген кәсіпкерлікпен мемарандумға қол қойдық. Форфоршылар сарайын жастар сарайына айналдырамыз деп ойлап едік. Алайда мамандар нәрестеден қарттарға дейін қолданатын орталыққа айналуға ұсыныс туралы жасап жатыр. Соған байланысты Мәскеуден мамандар шақырып жатыр екен. Қазір жобасы жасалып жатыр. Менің ойымша шілде айларында жұмысты бастайтын болады. Келесі жылы бітеді, Құдай қаласа» – дейді Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков.