Шымкентте полицейлерге 50-ге жуық жаңа автокөлік берілді

24

Шымкент қаласының әкімі тәртіп сақшыларына 50-ге тарта су жаңа автокөліктің кілтін табыс етті. Мұндағы басты мақсат — қаланың тыныштығын қамтамасыз ету. Сондықтан көліктің басым бөлігі участкелік пункттер мен кезекші полицейлерге берілді.

Шымкенттік полицейлерге 46 жеңіл автокөлік табысталды. Оның басым бөлігі кезекші бөлімдер мен участкелік пункттерге берілді. Қаланың бас тәртіп сақшысы мұның бәрі ескі көліктерді ауыстыру үшін жасалып жатыр дейді.

«10 кезекші бөлімге және 26 көлік участкелік пункттерге беріліп жатыр. Олардың машинасы ескіріп қалды. Сондықтан бүгін жаңасын тапсырып жатырмыз. Ал келесі жылы да жаңа көлік беру туралы әкіммен келісімге келіп жатырмыз» -дейді Шымкент қаласы ПД бастығы Думан Таев.

Салтанатты шараға 500-ден аса полицей қатысты. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген жандардың еңбегін бағалаған қала басшысы ерекше көзге түскен погондыларды алғыс хатпен марапаттады.

«Қаламыздың тыныштығын қамтамасыз етуде полицейлердің еткен еңбегі зор. Сондықтан бүгін жаңа көліктерді табыс етіп жатырмыз. Ел игілігіне жұмыс жасайды деген ойдамыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін келесі жылы да бірқатар жұмыс атқарылады» — дейді Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков.

Жоспар бойынша үшінші мегаполиске келер жылы тағы 100-ге жуық темір тұлпар беріліп, көшелерге 3 мың бейне камера қойылмақ. Сол арқылы шаһардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету көзделген.