Үйлену тойында аспанға оқ атқан жігіт жауапқа тартылды

66

Үйлену тойында аспанға қарумен оқ атқан 19 жасар жігіт жауапқа тартылды. Әлеуметтік желіге жүргізілген мониторинг кезінде полицейлердің назарына той салтанатын ұйымдастырған жастар ілікті.

Видеода жас жігіттер шектен шығып, аспанға қандай да бір қарумен оқ атқаны және кортеждегі жүргізушілердің жол ережесін бұзып, апаттық жағдай туғызғаны бейнеленген. Полиция қызметкерлері оқиғаның Сайрам ауданында болғанын анықтады. Сондай ақ, жас жігітке ҚР ӘҚБтК-нің 485-бабы 1-бөлігімен хаттама толтырылды.

«Сайрам ауданының полицейлері 19 жасар тұрғынның қолындағы қарудың сигналдық қару екенін анықтады. Сонымен қатар, жол ережесін бұзған жүргізушілердің жеке басы нақтыланып, ӘҚБтК 4 бірдей бабымен хаттама толтырылды»,- дейді  Түркістан облысы ПД баспасөз хатшысы Гүлнар Абдужаппарова.