Қазақстан азаматтары жеке бас құжаттарын аларда саусақ іздерін тапсыруға міндеттелмейтін болды. Қоғам талқысында болған мәселеге жоғарғы палата депутаттары нүкте қойды.
Дактилоскопиялық тіркеу азаматтардың келісімімен ғана жүзеге асады. Міндеттеу шарасы теңізші өзінің жеке куәлігін алған жағдайда ғана сақталады. Сенат заң жобасындағы өзгерістерді екінші оқылымда мақұлдады. Бектілген нормалар келер жылдың бірінші қаңтарынан бастап күшіне енеді. Яғни, куәлік алатын тұрғында таңдау болады. Егер өз еркімен саусақ ізін тапсырса, биометриалық мәлімет, деректер базасына қосымша тіркеледі.
Палата төрағасы бұл шаралар құқық саласына тың серпін беретінін атап өтті. Әрі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметкерлерінің жауапкершілігін күшейтеді деді.
Евгений Больгерт, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: «16 жасқа толған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін міндетті дактилоскопиялық тіркеу енгізіледі. Яғни, олар, жеке сәйкестендіру нөмірін алатын кезде Қазақстан аумағындағы тіркеуші органдарға тек өзі ғана жүгінуі тиіс. Бұрын шетелдіктер бұл қызметті өзге адамға берілген сенімхат арқылы, нақты орналасқан жері бойынша жүзеге асыратын еді».