Апат салдары шұғыл түрде жойылды

19

 

Бүгін сағат 21:00-де Еңбекші ауданындағы Оңтүстік елдімкенінде И.Тайманұлы көшесіндегі жер асты коллекторы зақымдалды. «Су ресурстары Маркетинг» ЖШС-не тиесілі канализациялық құбырлардың жарылуынан 4 тұрғын үйдің аулаларын су басқан. Салдарынан су жүйесінен жеке тұрғын-үйлердің 300 тұтынушысы ажыратылды.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Жедел түрде «Су ресурстары Маркетинг ЖШС-нің 30 қызметкері, 4 техникасы жұмылдырылып, құбырлар ауыстырылды. Оқиға орнына Төтенше жағдай департаментінің 5 қызметкері, 3 техникасы және Еңбекші ауданы әкімдігінен 10 қызметкер, 5 техника апаттың салдарын жоюға жұмылдырылды.