Арыста газ баллоны жарылып, 2 адам ауыр халде ауруханаға түсті

658

Арыста газ баллоны жарылып, 2 адам зардап шекті. Оқиға наубайханада болған. 

Термиялық күйік шалған екі қызметкер ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Анықталғандай, наубайхана мен жақын орналасқан дүкеннің 200 шаршы метрге жуық аумағы өртке оранған. Құтқарушылардың айтуынша, газ баллондарының бірі өрт орнына жақын тұрғандықтан газ тез қызып, жарылыс болған. Екі адамның денесінің 30 және 70 пайызын күйік шалған.
Оқиға орнынан 50 литрлік екі газ баллоны және 25 литрлік екі баллон шығарылды.

(Фото: ашық дереккөз)