Бір қолымен жілік сындырған әйел желі қолданушыларын таң қалдырды

1443

(Фото: видеодан скрин)

Бір ғана жұдырықпен жілікті екіге бөлген жас әйелді желі қолданушылары қызу талқылауда. Бұл сәттің видеосы ТікТок-та пайда болды.

https://youtube.com/shorts/LWm1Gm89HFc?feature=share

Автор бейнежазбаға әзілдеп «Қауіпті әпке» деп жазып қойған. Видеодан бірнеше ер адамның ортасында отырған әйел азаматы қолына шашықты орап, алдында жатқан жілікті бір соққымен екіге бөліп тастайды. Оны көрген туыстары қол-шапалақтап, ерекше таң қалысады. Видео кейіпкерінің өзі де мұндайды күтпесе керек, қуанышын жасыра алмайды.

Желі қолданушылары да жас келіншектің  бұл әрекетіне тәнті болды.

«Жарайсың, қарындасым. Екінің бірінің қолынан келе бермейді», «Қазақтың қыздары осындай болу керек. Анау-мынау жігіттерге бергісіз. Құйрық-май жеп өскен ұрпақ осындай болады. Керемет», «Қызымыз палуан екен», «Өзі де сенбей қалды ғой. Тамаша», «Күйеуің енді ойланып сөйлейтін шығар», «Бәрекелді», «Балта сынайын деп қалды. Жарайсыз», «Мына қарындасымыз Жигули Дайрабайдан мықты болды ғой», «Мәссаған, әйелдер де жілік сындыратын болған ба?» деп жазды желідегілер.

Автордың жазуынша, видео Астана қаласында түсірілген.