«Fashion show by QAZYNA» іс-шарасы өтеді

21

 

2024 жылғы 21 қаңтар күні сағат 16.00-де Шымкент қаласы «Көрме» орталығында «Қазына» би ансамблінің құрылғанына 35 жыл толуын атап өту аясында «Fashion show by QAZYNA» іс-шарасы өтеді.

«Қазына» би ансамблі — Шымкентті республикаға ғана емес, төрткүл дүниеге танытып жүрген шығармашылық ұжым.

Алғашқы құрамы 1986 жылы Әл-Фараби атындағы мәдениет институтының негізінде құрылған би тобының би жетекшісі – Сәуле Балбаракова, ал көркемдік жетекшісі – ҚР мәдениет қайраткері марқұм Мұса Жарқынбеков болған.

Қазіргі таңда Ансамбльдің көркемдік жетекшісі және бас балетмейстері Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, педагогика ғылымдарының кандидаты Әжібекова Зауре Бекембайқызының көркемдік жетекшілігімен талай додаларды бағындырып, әлемге Оңтүстік өңірінің атын паш етіп жүр.

Мерекелік іс-шара «Қазына» би ансамблінің құрылу тарихы туралы бейнефильмнің көрсетілуімен бастау алып, шығармашылық ұжым көпшілік назарына өзінің қалыптасу тарихындағы би қойылымдарындағы сахналық костюмдерден дефиле ұсынады.

Әр сахналық бейненің шығу тарихы, қойылымның идеясы, костюм дизайнының авторы, киім тігу шебері туралы ақпарат берілетін болады.

Мерекелік жиында «Қазына» би ұжымы, «Күлтегін» фольклорлық ансамблі, «Еркетай» балалар би студиялары өнер көрсететін болады.

Келіңіздер, көріңіздер. Өнерпаздарымыздың өнерін бірге тамашалайық.