Келестік тұрғын өз кәсібін ашып, 15 адамды жұмыспен қамтып отыр

19

Келес ауданы Абай ауылының тұрғыны – Гүлжан Абдумаликқызы небәрі 27 жасында өз кәсібін ашып, 15 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Төрт баланың анасы – “Saf” шаруашылық сабын өндірісінің директоры. Иіс сабын, сұйық сабын, шаруашылық сабын өндіруді 2018 жылы қолға алған. Шағын ғана сарайда орналасқан цехта айына 10-30 тонна өнім дайындалады. 5 миллионға бастаған кәсіптің бүгінгі айналымы 7,5 миллион теңге.
Гүлжан қазір сусабын өндірісіне 3 гектар жер алуды ойлап жүр. Бұл мақсатына жетсе, 30 адамды жұмыспен қамтып, айына 75 миллион табысқа шығуы мүмкін.
Қазір біз шампуннің бірнеше түрін жасап қойдық. Айна-терезе жуатын, ыдыс жуатын сұйықтықтардың сапасы шетелдің өнімдерінен кем түспейді, – дейді ол.