Кәсіпкерлік қарқынды дамуда

31
қолдан жасалған сусабындар

Қызылорда облысының Қазалы ауданында кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейіп келеді. Тек биылдың өзінде 400-ден астам адам жаңадан бизнестің көзін тапқан.

Осылайша шағын және орта кәсіпкерлікке білек түре кіріскендердің саны 6 мыңға жуықтап отыр. Солардың бірі – жуырда ғана ашылған сабын шығаратын шағын цехтың өінімі бүгінде облыс нарығынан бөлек, көршілес аймақтарға да сатыла бастаған. Бұл цех тәулігіне 2 жарым мың дана сабын шығаруға қауқарлы. Табиғи таза өнімге соңғы уақыттары сұраныс та артқан. Тіпті облыс аудандарынан бөлек Орал, Атырау, Ақтөбе қалаларынан да тапсырыстар түсе бастаған. Цехта 3 адам тұрақты жұмыс істейді. Олар сабынның сапасы мен салмағына қарай бірнеше өнім түрін дайындайды