Полицейлерден қашқан мас жүргізуші ұсталды

10
фото ТО ПД

Ордабасылық патрульдік полиция қызметкерлері түнгі сағат 3:00 шамасында аудан көшелерінің бірінен жүрісі күдік тудырған «UAZ PATRIOT» санды маркалы автокөлікті байқады. Полиция көліктің соңынан жүріп, оған тоқтау қажеттігін хабарлады.

Жүргізуші болса тәртіп сақшыларына құлақ аспай жылдамдықты асырып, қаша жөнелді. Алайда полицейлер қауіп тудырған көлік тізгіндеушіні қуып жүріп, қолға түсірді. Яғни 40 жастағы спирттік ішімдік ішіп алған жүргізуші тәртіп сақшыларына бағынбай, теріс әрекеттер көрсетті.
Медициналық сараптама ер азаматтың ауыр дәрежелі мас халде болғанын растады.
Анықталғандай, жүргізушісі бұған дейін ішімдік ішіп, заң бұзғаны үшін сотпен 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған.
Қазіргі таңда ер адам қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.