Шымкентте «Газ техникалық қызметі» мемлекеттік мекемесі құрылды

31

Енді үшінші мегаполисте газ жабдығын тұтынатын меншік иелерінің қауіпсіздігі мен техникалық жай-күйін тұрақты бақылау жұмыстары жанданады. Шымкентте газдан уланудың алдын алу бойынша «Қалалық газ техникалық қызметі» құрылды. Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына қарасты мекемеде 50 маман жұмыс істейтін болады.

Мәлік Әбдінұров Шымкент қаласы қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының м.у.а: «Жалпы саны 50 маман деп жоспарлап отырмыз. Тіркеуден бәрі өтті. Енді осы ұйымдастыру жұмыстары өткізіліп жатыр. Осындай улану факторларын болдырмау үшін жұмыстар атқаратын боламыз»

Айта кетейік, бүгінге дейін қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының газ техникалық инспекциясында 3 қызметкер ғана жұмыс істеп келген. Жауаптылар маманның аздығынан бұған дейін тексеру жұмыстарын тиісті деңгейде атқару мүмкін болмағанын айтады.