Úı ANONS Бадам өзенінде тасқын қаупі бар ма?

Бадам өзенінде тасқын қаупі бар ма?

Бадам өзенінің жағалауындағы жағдай тұрақты. Мамандардың мәліметінше, су деңгейі бақылауда, елді мекендерге төнген тасқын қаупі жоқ. Десе де, бірер күндік жұмыс бар. Қазіргі таңда, мердігер мекеме тарапынан қайта ретке келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Ал, бетон жағалаудың бұзылуына себеп болған кінәлілер анықталды ма? 

2,7 млрд. теңге. Ия дәл сіз естіген осы сомаға Бадам өзені жағалауын бетондау жұмыстары жүргізілген. Өйткені, шұғылалы көктем мезгілі жеткенде, арнасы жиі суға толады. Яғни, өзеннің тасқын қаупін азайту мақсатында өткен жылы 5,3 шақырым жағалау бекітіліп, құрылыс желтоқсан айында толық аяқталған. Алайда, бұл жағымды жаңалық көпке жеткен оқ. Небәрі екі айдан астам уақыт өткенде, жағалаудағы бетон бұзылған.

Бұл тұрғындар түсірген бейне. Мұны көрген әкімдіктің жауапты өкілдері бірден өзенге жол тартты. Түнімен, күнімен техникаларды алып барып, тиісті жұмыстарды жасады. Десе де, әлі екі-үш күндік жұмыс бар дейді жауаптылар. Сонымен қатар, бұл олқылықтардың орын алуына түрткі болғандар да белгілі екен.  Яғни, белгісіз тұлғалар өзен арнасынан заңсыз тас қазып алып, салдарынан бетон бөгеттің шамамен 40 метрі бүлінген.

ӘБІЛХАЙЫР ОҢҒАР, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖАЙЛЫ ОРТАНЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Бадам өзеніне түскен техникалардың нөмірлері барлығын, видеосын фиксациясын алғанбыз бар бізде. Заңсыз тас алмау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бірнеше азаматтарға әкімшілік айыппұл салынған. Қазіргі уақытта ПБ бірлесіп, осы құжаттардың барлығын ұсынып отырмыз. Анықталған соң, сіздерге хабарлайтын боламыз».

Ал, сол маңдағы тұрғындар бұл мәселе алдағы уақытта қайталануы мүмкін дейді. Өйткені, су көбейген сәтте бұрынғы арнасына түсуі ықтимал.

АБЫЛАЙ АБДУЛЛАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Бұл су өзі айнымалы. Су біресе былай ағады. Біресе олай ағады.  Ауысып отырады. Бұл баяғы бағытына қарай ұрған ғой.  Бетонға қалай келіп қалғанын, менің ойымша бұрынғы арнасына түскен ау. Жайма қылып жіберу керек суды. Әйтпесе оңалмайды тірлігі».

Мамандардың сөзінше, зақымданған аумақ мердігер компания есебінен қалпына келтіріледі. Жобаның кепілдік мерзімі 7 жыл.

«7 жыл тамаша. Бұл кісілер 7 жыл отырады ма? Бұл жерде. Жыл сайын бұзылса, местныйсыз ғой. ақшаларыңыз жетпей қалады ғой».

Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының хабарлауынша, былтыр Игілік, Жаңаталап және Көкбұлақ елді мекендері тұсында өзен арнасы реттеліп, жағалауы бетондалған екен.

Нұргүл Жолымбетова