Ұрланған көлікті сатып алған

36

«Бір нүктелік» рейдтік іс-шарасы барысында патрульдік полицейлерге ЖБО-ның бейнебақылау инспекторларынан нұсқау түсті. Онда Бәйдібек би даңғылының бойында келе жатқан Hyundai Avante автокөлігі ұрланған болуы мүмкін екені айтылған.

Тәртіп сақшылары бірден қымбат маркалы көлікті тоқтатты. Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында темір тұлпар Түркістан облысынан ұрланғаны, қазіргі таңда іздеуде екені анықталды.
Ал, ер адам бұл көлікті қомақты қаражатқа сатып алғанын, ұрланғанынан мүлде бейхабар екенін жеткізді.
Полицейлер істің мән-жайын анықтау үшін көлік құралы мен тізгіндеушісін Түркістан облысындағы әріптестеріне тапсырды. Қазіргі таңда, тергеу амалдары жүргізілуде.