Úı Jańalyqtar Аяқ киім таңбалау мерзімі ұзартылды

Аяқ киім таңбалау мерзімі ұзартылды

Шымкентте жасалған аяқ киімдер

Елімізде аяқ киімді таңбалау мерзімі тағы да ұзартылды. Енді бәтеңке сатумен айналысатын кәсіпкерлер қалған тауарларын 1-ші маусымға дейін таңбалап үлгерулері қажет.

Елімізде аяқ киімді маркалау кәсіпкерлердің өтінішінен кейін бірнеше рет кейінге шегерілгені белгілі. Енді 2021 жылы енгізілген ережеге сәйкес, саударгерлер де импорттаушылар да, өндірушілер де маусым айынан бастап жұмыс істеуге міндеттілмек.

Егер сатушы ол уақытқа дейін маркаланбаған өнімді сатып үлгермесе, «маркировка исмет» сайтына тіркеліп, сонда тауардың тізімін түгел көрсетуі қажет. Ал аяқ киімнің цифрлы құжатын жаңадан алу үшін осы сайттағы бейне нұсқаулықты толық көріп шығуға тура келеді.