Түркістан облысы Полиция департаметі Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, 102 омниканалдық бағдарламасындағы QR коды көрсетілген жадынамаларды халық көп шоғырланатын жерлерге, орталық базар маңына жабыстыру арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жүйеде көрсетілгендей шұғыл шақыру кезінде қоңырау шалушының орналасқан жеріне байланысты шақыру белгілі бір аумаққа қызмет көрсететін жедел басқару орталығына немесе аудандық полиция бөліміне таратылады.
Олар өздерінің осы әрекеті арқылы аудан тұрғындарына: Құрметті Арыс ауданының тұрғындары мен қонақтары! Егерде сізге полиция қызметкерлерінің көмегі қажет болған жағдайда, осы 102 омниканалдық бағдарламасын өзіңіздің жеке телефоныңызға QR коды арқылы жүктеп алсаңыз болады! – деп үндеу тастады
Сонымен қатар сақшылары аталған бағдарлама арқылы кез келген арыз-шағымдарды немесе қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтың куәсі болған жағдайда ,полиция қызметкерлеріне жылдам жолдау мүмкіндігі бар екендігін халық назарына жеткізді.