«CHANGAN ALSVIN» – ерекше жайлылық пен қолжетімді бағаның үйлесімділігі

32
фото sportishka.com

Changan Auto Shymkent дилерлік орталығы Alsvin атты жаңа автокөлік моделін ұсынды. Ыңғайлы және қолжетімді темір тұлпар Қазақстан жолдарына алғаш рет шыққалы тұр. 

Changan Alsvin – бұл, сіздің жанұяңыздағы жайлылықты қамтуға арналған темір тұлпар. Changan Auto Shymkent дилерлік орталығының су жаңа маркалы автокөлігіне 98 аттың күші, 137 Нютон метр айналу сәті және 1,5 литрлік атмосфералық бензин қозғалтқышы орнатылған. Автокөлік алдыңғы жетекті. Сонымен қатар дымқыл типті қос ілінісуі бар 5 сатылы, роботтандырылған қораппен жабдықталған.

Азамат Түзелов, «Changan Auto Shymkent» дилерлік орталығының сату бөлімі менеджері: «Chаngan Alsvin көлігінде жүргізуші мен алдында отыратын жолаушыға арналған қауіпсіздік жастығы, сонымен қатар бағдарлық тұрақтылықтың электрондық жүйесі, дөңгелектің қысымын бақылау, биікке шығу кезінде көмек жүйесі және круиз-бақылау бар. Меніңше мұндай үлгідегі автокөлік үшін ұсынған бағамыз да өте жақсы. Ал шығын материалдары бойынша бізде бөлшектер бөлімі де жұмыс істейді»

6 990 000 теңге. «Бұл бағада мұндай автокөлікті табу мүмкін емес», дейді көліксүйер қауым. Chаngan Alsvin-де В-класс седандарында болатын классикалық қуат параметрлері бар. Ал ең бастысы жүргізушіге ыңғайлы болуы үшін көлікте динамикалық белгісі бар артқы көрініс камерасы және тұрақ сенсорлары да орнатылған. Жайлылықты ұнататындар үшін автокөлік салоны эко-былғарыдан жасалған.

Серік Лесбек, «Changan Auto Shymkent» дилерлік орталығының директоры: «Қазіргі таңда ең танымал Changan автокөлігінің жаңа моделі шықты. Ол Alsvin деп аталады. Бұл – халықтық көлік болып табылады. Бұл автокөлікті алу үшін біздің дилерлік орталыққа келіп, 6 990 000 теңгеге алуға болады. Немесе 7 жылға дейін банк арқылы алуға болады. Бастапқы жарна 10%-дан басталады».

Автокөлікті сатып алғанда, 5 жылға немесе 150 мың шақырымға дейінгі зауыттық кепілдік беріледі. Егер сіз жаңа көлік сатып алуды жоспарлап жүрсеңіз, сарапшылар Changan Auto Shymkent диллерлік орталығына келуді ұсынады. Chаngan Alsvin – қолжетімді бағадағы жайлы автокөлік, сіздер үшін.