Енді әрбір қазақстандық несие алудан ерікті түрде бас тарта алады. Ол үшін ЕGov mobile мобильді қосымшасы немесе eGov.kz порталы арқылы өтініш беру қажет. Несиелер мен шағын несиелерді беруге тыйым салу әзірше 6 айға белгіленген.
Ал өтінімнің мерзімі өткеннен кейін автоматты түрде күші жойылып, жеке тұлға кез келген ұйымнан несие рәсімдей алады. «Бұл қаржылық алаяқтықтың алдын алады», -дейді мамандар. Былтыр алаяқтарға сан соғып қалғандар саны 20 мыңнан асып кеткен екен.
Мұхаммед Бағдатұлы, ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бас маманы: «Егер де сіз осы стоп кредит арқылы ерікті түрде кредитен бас тартуға қол қоятын болсаңыз, онда ақпарат ешқай жерге берілмейді. Қорғаулы болады. Микро қаржылық мекемелер болсын, екінші дәрежелі банктер болсын сіздің қаржылық ақпаратыңызға толықтай ешкім ақпарат біле алмайды. Заңды түрде қорғалады».