Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті

614

Шымкентте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті. Жиында жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мәселелері қаралды. Шарада «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы кеңестің ұйымдастыру жұмысы талқыланып, атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды.

Бахадыр Нарымбетов, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы: «Жұмыс басталу керек деп ойлаймын. Қарапайым халық бізден үлкен үміт күтіп отыр. “Ары қарай қарай не болар екен” деп. Өзгеріс бола ма деп үміттеніп отыр».

Комиссия отырысын кеңестің жаңадан тағайындалған төрағасы Бауыржан Қуанышбеков жүргізді. Сонымен қатар, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Утебаева, Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек 2023 жылда атқарылған жұмыс пен сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу бойынша атқарылған іс-шаралар туралы баяндама жасады.