Есірткі затын үйінде сақтаған азамат қоғамдық жұмысқа тартылды

41
фото egemen.kz

Сотталушы С.Б. 2023 жылғы 15 шілдеде, сағат 13:00 шамасында Жетісай ауданы, Жетісай ауылдық округі, Жылы су ауылына қарасты канал жағасындағы егістік алқапта есірткі затына ұқсас өсімдік шөптерді түр-түсінен, иісінен, есірткі заты екенін біліп өзі тұтыну мақсатында үй шатырында заңсыз сақтаған.

​Сотталушының қылмыстық теріс қылық әрекеті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі қылмыстық іс қозғалған.
Қылмыстық іс сотта қаралып, істі қарау кезінде сотталушы өзіне тағылған айыпты мойындап, өзінің ауылндағы канал жағасындағы егістік алқапта есірткі затына ұқсас өсімдік шөптерді тауып алып, үйінде заңсыз сақтағанын айтып, әрекетіне өкінетінін көрсетті.
Сот сотталушының шын ниетпен өкiнуін қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларға жатқызады, ал қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар жоқ деп тапты.
Сотталушыға жазаның мөлшері мен түрін тағайындағанда ҚК-нің 52-бабына сәйкес жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамға қауiптiлiк дәрежесiн, жеке басын, оның ішінде құқық бұзушылық жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi мiнез-құлқын, жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайларды, сондай-ақ тағайындалған жазаның оның түзелуiне ықпалын ескеріп, айыптау бабының санкциясында көзделген қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалуға жатады деп санап, сотталушы С.Б.-ға сексен сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енбеген.