Қазақстанда халықтың ақшалай табысы бір жылда 21 пайызға өсті. Жылдық өсімі 12 жылда алғаш рет ең жоғары нәтиже көрсетті. Ұлттық статистика бюросының дерегіне сай былтыр жыл аяғында жан басына шаққандағы орташа табыс 305 мың теңге болды.
Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 21% жоғары. Инфляцияны ескерсек, нақты өсу қарқыны – 9,9%. Бірақ өңірлердегі көрсеткіш әртүрлі деңгейде. Мысалы, Қарағанды облысында орташа жалақы 0,2%-ке өсті. Ұлытау облысында керісінше 2,7% төмендеді. Ең жоғары өсім Түркістан облысында – 23,3%.