Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, есірткінің заңсыз айналымы мен «синтетика» жасырушының жолын кесті.
Осылайша полицейлер Шымкент қаласының тұрғынын Жетісай ауданынан ұстап, одан шамамен 80 доза «синтетикалық есірткі» тәркіледі. Сондай-ақ жедел уәкілдер күдіктінің 5 есірткі қойған жерін анықтап, «синтетика» салынған 5 ораманы анықтады.
Ондағы «мефедрон» препаратының жалпы салмағы 80 грамнан асады
Қазіргі уақытта бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынып, барлық мән-жайлар анықталуда.