Жетісайда жанжал кезінде үш адам зардап шекті. @egovpress Telegram-арнасының жазуынша, үш жігіт 20-дан астам пышақ жарақатын алған.
Оқиға 22 ақпан күні түнгі уақытта болған. Әлеуметтік желіде өзін жәбірленушілердің бірінің әкесімін деп таныстырған ер адам жарақат алған үш жігіт сол түні «Алмас» дүкенінен шығып, бір топ адаммен ерегісіп, соққының астында қалғанын атап өтті. Олар көп қан жоғалтқан. Жәбірленшілер ауруханаға жеткізіліп, әрқайсысына 3-4 сағат аралығында операция жасалыныпты.
Түркістан облыстық Полиция департаменті бұл оқиға бойынша бір күдікті ұсталғанын хабарлады. Тиісті сараптамалар тағайындалған.
Қазіргі уақытта тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.
(Фото: iStock)