Көлік басқару құқығынсыз рулге отырып, жол жүру қағидасын бұзған шымкенттік жауапқа тартылды

52

Mitsubishi Pajero-дегі қауіпті жүргізушіні патрульдік полицейлер Тауке хан даңғылында қызмет атқару барысында тоқтатты.

Ер адам жүргізуші куәлігінсіз көлік тізгіндеп ғана қоймай, темір тұлпарына арнайы дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды тиiстi рұқсатсыз орнатқан.
Оған қоса, бұл заң бұзушының тәртіп сақшыларымен алғаш кездесуі емес екені анықталды, жыл басынан бері ол дәл осыған ұқсас құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған болып шықты.
Азамат әкімшілік кодекстің екі бабымен айыппұл арқалады. Көлік құралы алынып, айып тұрағына қойылды.