Ұрлықтың ерекше тәсілі қаланың Әл-Фараби ауданының аумағында түнгі уақытта орын алды. Басына шлем киген үш белгісіз тұлға мотокөлікті тұрған орнынан қозғалта алмай, көтеріп алып кеткен.
Скутерін кафенің жанында қалдырған тұрғын, оның жоғалғанын біле салысымен дереу полицияға хабарлаған. Жәбірленушіге жарты миллион теңге көлемінде шығын келтірілді.
Тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының жазбаларын алып, жедел-іздестіру іс-шараларына кірісті. Күдіктілер екі тәулік ішінде қолға түсті. Олар 18 және 20 жастағы үш жергілікті тұрғын болып шықты.
Өзгенің скутеріне олар бұрыннан көз салып жүргендері анықталды. Ұрланған мотороллерді бөлшектеп үлгерген екен.
Қазіргі таңда жайт бойынша тергеу жүргізілуде.