Су тасқынынан зардап шеккендерге Үкімет көмектеседі

32
фото Ашық дереккөз

Үкіметте су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген шығынды өтеу тетіктері мен қаржыландыру көздері талқыланды. Келтірілген зиянды өтеуге қаражат жергілікті атқарушы органдар резервінен алынады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров баяндады.

Қосымша қажеттілік туындаған жағдайда қаржыландыру Үкімет резервінен қарастырылады. Материалдық зардап шеккендер төтенше жағдай туындаған күннен бастап 30 күн ішінде жауапты атқарушы органға өтініш береді. Өтініш тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде келтірілген залалдың мөлшерін бағалау ұйымдастырады. Тұрғын үйі қауіпті деп танылған азаматтардың тізімін жергілікті әкімдіктер жасайды.