Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары жүргізілуде

41
Фото: Vlast.kz

 

    Сыбайлас жемқорлық қоғамға қауіпті құбылыс ретінде көптеген мемлекеттердің, оның ішінде Қазақстанның да қоғамдық өміріне тән, келеңсіз құбылыстың салдары болып табылады. Мемлекеттік билік органдарындағы сыбайлас жемқорлық қазақстандық қоғам үшін үлкен қауіп төндіріп отыр. Оның кеңінен таралуы мен жүйеленуі көбінесе жеке мүдденің мемлекет мүддесінен артық қойылуына әкеп соғуда.

«Қазақстан-2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясы сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп ретінде бағалап, бұл келеңсіз құбылыспен қүресте мемлекет пен қоғамның күш-жігерін біріктіруге бағыттайды.

Жемқорлықпен күресті әр ел әртүрлі тәсілді пайдаланып жүргізеді. Бірі заңының мықтылығына, жазаның қаталдығына иек артса, енді бір ел жемқорлыққа жол бермеу үшін мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талапты көтеріп, олардың жалақысын жоғарылатуды жөн санайды. Тағы бір елдер сыбайластыққа жол бермеудің жолы құқықтық түсіндіру, кеселдің алдын алу деп біледі.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзышылығын жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікте айыппұлдар, мүлікті тәркілеумен белгілі бір мерзімге құқығынан айырумен не белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан белгілі бір мерзімге немесе өмір бойы айырумен бас бостандығынан айыру немесе шектеу қарастырылған.

Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

 

 

 

                                                    А.Наушабаева

                                            Әл-Фараби ауданы бойынша МКБ-ның

Бас маманы