Заманауи сал-серілер Жарамазан жырын айтып жарысты

36

Шымкентте үздік Жарамазаншылар сайысы өтіп жатыр. Шымкент қаласы мен Түркістан облысының қатысушылары Жарамазан жырын түрлі нақышта орындап, бата беріп, салт-дәстүрлерге қатысты сұрақтарға жауап береді.

Үздіктерді әділ-қазылар алқасы анықтайды. Өнерпаздар ұлттық музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен Жарамазан жырларын орындап көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Айта кетейік, жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табысталады. Ұйымдастырушылар байқауды жыл сайын дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отырғанын айтады. Сөздерінше байқау нәтижесінде Жарамазан жыры жаңаша заманауи үйлесімділікке ие болмақ.

«Салт-дәстүр әр ұлттың ұлттық коды. Салт-дәстүрді білу әр азаматтың борышы болып саналады. Тіліміз бен дінімізді қалй қорғаштасақ, осы салт-дәстүрімізді де солай қорғауымызы керек. Жарамазан ұлтымыздың коды болып саналады. Қысқа бір айдың ғана ішінде өтетін Жарамазан, ал осының ішінде көптеген сауап бар», — дейді Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының директоры Бақтияр Спанов.