Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа сот үкімі шықты

234

(Фото: t.me/Jogargy_sot)

Астана сотында азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа  үкім оқылды. Прокурор Бишімбаевты 24 жылға, Байжановты 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот отырысында сотталушылар өз кінәларын мойындамады.

Алқабилер алқасының үкімімен Қуандық Бишімбаев жәбірленуші Салтанат Нүкенованы 2023 жылдың наурыз айының ортасынан бастап 9 қарашаға дейін жүйелі түрде ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану арқылы дене және психикалық зардап шектіргені үшін (ҚК 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы), сондай-ақ 09.11.2023 жылы Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтіргені (ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігі, 5-тармағы) үшін кінәлі деп танылды.

Қуандық Бишімбаев  қатаң режимдегі түзеу мекемесінде жазасын өтейтін болады.

Ал Бақытжан Байжанов Қылмыстық кодекстің 432-бабымен (Қылмысты жасырып қалу) кінәлі деп танылып, оған 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Байжанов жазасын қауіптілігі орта түзеу мекемесінде өтейді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.