Денесі дәретханадан табылған бүлдіршін жер қойнына тапсырылды

469
фото Отырар.кз

Сарыағаш ауданында із-түзсіз жоғалған үш жасар бүлдіршіннің денесі табылды. 16 мамыр күні жоғалған қыздың мәйітін көрші үйдің дәретханасынан тапқан. Құзырлы орган өкілдері қыздың денесінен ешқандай жарақат анықталмағанын, зорлық-зомбылық белгілері болмағанын айтады. 19 мамыр күні бүлдіршіннің денесі жер қойнына тапсырылды.

Түркістан облысында жоғалған үш жасар қыз табылды. Оның денесі көрші үйдің дәретханасынан табылды. Еске салайық, 16 мамыр күні Сарыағаш ауданы Сіргелі ауылында үш жастағы Асылым Лес жоғалды деген хабар тараған еді. Анасының айтуынша, таңертең үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай қыз, бірден көзден таса болған.

Іздеу барысында аулалар, жақын маңдағы аумақтар, қараусыз қалған ғимараттар, канал жағалаулары және қыз бара алатын басқа да бағыттар жан-жақты тексерілді. Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, жоғалған кішкентай қыздың зорлық-зомбылықпен өлім белгілері жоқ. 2021 жылы туылған қыздың денесінен қандай да бір жарақаттар анықталмаған. 19 мамыр күні үш жасар бүлдіршіннің жақындары оның денесін жер қойнына тапсырып, жаназасын оқыды.

Нұрғали Абсен, Сарыағаш АПБ тергеушісі: «Түркістан облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы мен Сарыағаш аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, жоғалған кішкентай қыздың зорлық-зомбылықпен өлім белгілері жоқ денесі көрші үйдің дәретханасынан табылды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Қыздың денесінен қандай да бір жарақаттар анықталмаған. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда».

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Полиция азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге және жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырады.