Шымкентте 2 жасар жиенін терезеден лақтырған ер адам жазадан босатылды

1432

(Фото: pixabay.com)

Шымкентте әпкесінің 2 жасар баласын 3-қабат терезесінен лақтырып жіберген ер адам психикалық ауытқуы болғандықтан жазадан босатылды. Сот қаулысымен ол психиатриялық стационарда мәжбүрлі түрде емделетін болды.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, ер адамға Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігімен айып тағылған.

Оқиға былтыр 23 қарашада сағат 20:00 шамасында болған. Психоневрологиялық есепте тұратын ер адам туған әпкесінің пәтерінің ас бөлмесіндегі терезеден жиенін лақтырып жіберген. 3-қабаттан құлаған бала қайтыс болды. Сот материалдарына сәйкес ер кісіге баланың тоқтаусыз жылағаны жүйкесіне тиген.

«Сот айыпталушының қоғамға қауіпті әрекетті жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болғанына байланысты оны қылмыстық жауаптылықтан босатып, істі өндірістен тоқтатты. Оған мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу шарасын қолданылды. Қаулы заңды күшіне енген»,-делінген сот мәліметінде.