Шымкентте үшінші қабат терезесінен 4 жасар бала құлап кетті. Оқиға бүгін 6 шілдеде Қ.Төлеметов көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйде болған.
Бүлдіршін бала дереу ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы орташа.
Қалалық ТЖД ата-аналар мен ересектерге балаларды қараусыз қалдырмауды, олардың терезеден құлап кетуіне жол бермеу үшін сақтық шараларын сақтауды сұрайды.
(Фото: istockphoto.com)