Жолаушының билетсіз мінгізген «Шымкент – Астана» пойызының бастығы мен жолсерік жұмыстан шығарылды

69

«Қазақстан темір жолы» АҚ билетсіз жолаушыларды тасымалдау және жол жүру құжаттарын заңсыз сату фактілерін анықтаған.  

Компания мәліметінше, Алматы-2 теміржол вокзалында билеттерді заңсыз қайта сатуды және жасанды тапшылықты анықтаған қызметтік тексеріс жүргізілген.  Сондай-ақ Шымкент станциясындағы тексерулердің бірінде билетсіз жолаушыны тасымалдау фактісі анықталған.

«Шымкент – Астана» пойызының жолсеріктері ресми сатып алмаған билетсіз адамды белгілі бір сомаға алып жүруге келіскен. Қызметтік тергеу қорытындысы бойынша пойыз бастығы мен жолсерік жұмыстан шығарылды. Ал екінші жолсерік пен Шымкент станциясы учаскесі бастығының орынбасарына қатаң сөгіс берілді»,-делінген ҚТЖ мәліметінде. 

Айта кетейік, ішкі тексерулер елдегі барлық вокзалдарында өтіп жатыр.

Егер жолаушыларды билетсіз тасымалдау және билеттерді заңсыз қайта сату фактілеріне куә болсаңыз, фото, аудио, бейнематериалдарды @jolaushylar_tasymaly (direct) парақшасына немесе +7 776 714 5686 Whats App мессенджеріне  жіберуге болады.

(Фото: t.me/railways_kz)