1 бала бірнеше қаланың балабақшасында тіркеуде болған

30
Фото: Отырар.кз

Балабақшаларда мемлекеттік тапсырыс бойыша қаражат алу үшін өзге қалада тұратын баланы тіркеу фактілері байқалған.

Үшінші мегаполистің бас педагогы бұл бойынша 4 мекеме құрылтайшысы жауапқа тартылғанын айтады. Мұндай жайтты болдырмау үшін қазір пилоттық жоба әзірленіп жатыр. Ол еліміз бойынша балақайларды мектепке дейінгі білім беру орындарына тіркеуде жеңілдік бермек.

«Егер Шымкентте мысалы «Қарлығаш» деген балабақшада Үсенов Әділет деген бала тіркелсе, оны басқа жақта тіркей алмайтын жоба жасалып жатыр. Бұл оңай жұмыс емес. 20 өңір болса, олар 20 түрлі ақпараттық жүйемен жұмыс істеуі мүмкін. Солардың бәрін 1 арнаға тоғыстырып, EGOV-пен бірге жұмыс істету оңай емес», — дейді Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева.

Ал әзірге алқа мәжілісінің шешімімен қағаз жүзінде табельдер тапсыру арқылы қаражатты төлеу қолға алынып отыр.