Басқарма басшысының орынбасары тағайындалды

30
фото ШқІСЖЖІЖБ

Бүгін Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы міндетін атқарушысының бұйрығымен Усупахметов Заңғарбек Нышанбекұлы басқарма басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Заңғарбек Нышанбекұлы 1985 жылы 18 сәуірде Шымкент қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін — ауыл шаруашылық өнімдерін стандарттау және сертификаттау және құқықтану мамандықтары бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2006-2008 ж.ж — М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректорының студенттік мәселелер бойынша көмекшісі;
2008 – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің жастар ісі жөніндегі комитет төрағасының орынбасары;
2008 – 2009 жж — келісім шарт бойынша Білім және ғылым министрлігінде эксперт;
2009 – 2010 ж.ж — М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы;
2010 – 2013 ж.ж — «Нұр Отан» ХДП ОҚОФ «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы;
2011 – 2012 ж.ж — Шымкент қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Шымкент жастары» КММ-сі директоры;
2013 – 2014 ж.ж — ОҚО ішкі саясат басқармасының «Әлеуметтік бастамалар орталығы» «Бағдарламалар және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру» бөлімінің бастығы;
2014 – 2015 ж.ж — ОҚО білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының «Жастар орталығы» КММ бөлім басшысы;
2015 – 2018 ж.ж — Облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары;
2018 жылғы қазан – 2019 жылғы ақпан — Түркістан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы м.а;
2019 ж – Шымкент қаласы әкімдігі ішкі саясат және дін істері басқармасының «Ақпараттық коммуникациялық орталық» КММ директорының міндетін уақытша атқарушы;
2020 – 2021 ж.ж — «Nur Otan» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;
2021 — 2023 ж.ж — Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Ақпараттық коммуникациялық орталық» КММ директоры;
2023 – 2024 ж.ж — Ө.Жәнібеков атындағы ОҚМПУ инфрақұрылымды дамыту департаментінің директоры;
2024 жылдың ақпан және мамыр айлары аралығында — Шымкент қаласы Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры;
2024 жылдың мамыр айынан осы кезеңге дейін — Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы қызметін атқарды.