Полиция есірткі қоюшының көлігінен 47 дана мефедрон тапты

32
фото ТО ПД

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Ордабасы ауданының полициясы синтетикалық есірткі тасымалдаушының қылмысына тосқауыл қойды.

Нақтырақ айтсақ полицияның жүргізген жедел әрекеті арқасында «Шымкент-Самара» тас жолында күдікке ілінген «Hyundai Tucson» көлігі тоқтатылды. Жедел уәкілдер тінту кезінде, жүргізуші орындығының оң жағындағы шынтақтірегішінен полиэтилен пакет тапты. Пакетті тексеріп, қарау барысында 47 дана «мефедрон» орамасы тәркіленіп алынды.
Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары атқарылуда. Күдікті қамауға алынып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.