Шымкент: Көшелерде қоқыс үйінділері көбейді

27
фото Отырар.кз

Шымкент көшелерінде қоқыс үйінділері көбейді. Мегаполис көшелерінде 1 апта бойы тазаланбаған тұрмыстық қалдықтар шашылып жатыр. Аптап ыстықта ашық жатқан күл-қоқыстың қолаңсы иісі тұрғындарды әбігерге салды. Олар жыл сайын ақысы өскенімен, көрсетілетін қызмет сапасының нашарлап кеткенін айтып отыр. Ал, жауапты компанияға хабарлассақ түрлі сылтау айтады деп ашынып отыр тұрғындар.

Манас Бақбаев, Шымкент қаласының тұрғыны: «Қоқыстар 1-2 апталап жата береді . Алмайды, ақшасын төлеп жатырмыз. Иістері жаман қатты шығады. Әркім әртүрлі тастайды. Өлексе тастайды, басқасын тастайды. Беті жабық болса мейлі ғой, қоқыстар желмен шашылып кетеді»

Жаз мезгілінде тұрмыстық қалдықтар көп шығаралады, сондықтан қоқыстарды жинап үлгермей жатыр. Жауаптылар осылай дейді. Олардың сөзінше қаладан күніне 700 тонна қоқыс шығаралады. Оған бас-аяғы 10 компания жұмылдырылған. Жер үйде тұратын тұрғындар тікелей қоқыс таситын компаниялармен келісімішартқа отыруы қажет. Ал әкімдік тек қадағалайды. Дегенмен, қоқыс үш күннен артық жататын болса айыппұл салынады.

Мейіржан Әжідин, Абай ауданы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы: «1 қоқыс таситын көлік 10 көшеден кейін толады. Қазір 5 көшеден толып қалып жатыр. Кесте бойынша үлгермей жатыр мердігер мекемелер. Одан бөлек, газ мәселесі де бар. Газдың тапшылығынан кезекте тұрып, уақыт алады»