Жеті тұрғынды сан соқтырған жалған жиһаз жасаушы ұсталды

31
фото ТО ПД

Шардаралық полиция қызметкерлері алаяқтықтыққа қатысты қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған 37 жастағы ер адамды ұстады.

Анықталғандай, жәбірленуші үйіне жиһаз жасатамын деп жиһаз компаниясын жарнамалық сайтынан бейтаныс ер адамға алданып қалған. Еш күмән келтірмеген күдікті ер адам онымен келісім шарт жасасып алдын ала 600.000 теңге ақшасын алған. Алайда келісілген уақыт өткен соң сатып алушымен байланысын тоқтатқан.
Тәртіп сақшылары күдікті ер адамның дәл осыған ұқсас 7 жәйтқа қатысты алаяқтық қылмысын анықтады. Яғни оларғада арзан бағада жиһаз жасап беремін деп сан соқтырған. Жәбірленушілерге келтірген шығын көлемі 4.000000 теңге.
Қазіргі таңда ер адамның ісі сотқа өтті.