Түркістан облысының 23 жастағы тұрғыны өз перзентін 800 мың теңгеге сатпақ болды. Жас ана жаңа туған нәрестені Павлодар қаласында саудаламақ болған. Жүктіліктің соңғы айларында-ақ ол әлеуметтік желілерді шарлап, баланы сатып алатын адамдарды іздепті.
Сәби өмірге келгеннен кейін небәрі үш күн өткенде, анасы оны бөтен жандарға табыстауға келісім жасаған. Алайда дәл сол сәтте сатып алушы болып келген құқық қорғау қызметкерлері әйелді құрықтаған.
ҚР ІІМ
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жаңа туған қыз бала дәрігерлердің бақылауында, оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталып, заң талаптарына сәйкес қатаң құқықтық баға беріледі».
ЛАУРА БАБАС






