«Бірлік керуені» жолға шықты

38
Фото: Отырар.кз

5 Дүниежүзілік Көшпенділер ойынына үшінші мегаполистік «Бірлік керуені» жолға шықты. Көш құрамында жергілікті спорт пен мәдениет саласының мамандары бар.

Бұл Шым шаһардан шыққан «Бірлік керуені». Көшке ілескен спорт, мәдениет саласының мамандары еліміздің салт-дәстүрі мен спорттағы жетістігін дәріптейтін болады. Соның бірі теңге ілуден бас төреші Талапбек Қыпшақбаев. Айтуынша аталған ұлттық спорт түрінен үшінші мегаполистік 6 жаттықтырушы Көшпенділер ойынында төрешілік етеді.

«Асық, садақ ату, теңге ілу спортынан спортшылардың дайындығы жақсы. Спортшыларымыздан кемінде 4-5 жүлде күтіп отырмыз. Бізден Төлтай Бақыт теңге ілуден қатысады. Ол жыл бойы дайындалып, Азияда чемпион атанып, ел намысын қорғалы отыр. Теңге ілуден 18 төреші болатын болса, соның 6-ауы Шымкенттен барады», — дейді ҚР теңге ілу спортының бас төрешісі Талапбек Қышпақбаев.

Салтанатты шара барысында ұлттық рух, спорттағы жігірді көрсететін қойылымдар қойылып, сапарға аттанатын көш мүшесіне көшпенділер ойынының негізгі элементі торсық толы суды табыс етті.

4 мыңға тарта қатысушы бақ сынайтын додаға Шымкент 18 үкілі үмітін қосып отыр. Олар 10 спорт бойынша ел абыройын қорғайды. Жауаптылар жергілікті спортшылар ел туын көкке желбірететініне сенімді.

«Үміт артып отырғанымыз қазақ күресі, асық ату, ордо деген жаңадан қосылған ойын бар. Сол спорт түрлерінен алтын аламыз ба деген ойымыз бар. Әлем чемпиондарымыз бар тоғызқұмалақтан. Соларға үміт күтіп отырмыз», — дейді Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков.

Еліміздің бас қаласында өтетін «Көшпенділер әлемі» бағдарламасында спортшылардан бөлек, мәдениет саласынан 126 адам өнер көрсетпек Олардың бір бөлігі «Бірлік көшімен» Астанаға аттанады.