Түркістан облысының спортшысы “Алтын бұранды” номинациясының алғашқы иегері атанды

35

 

Өскемен қаласында Қазақстан Республикасының өрт сендіру-құтқару спорты бойынша X әйелдер арасындағы қысқы Чемпионаты өтті.
Аталған чемпионатта:

Шабуыл сатысымен оқу-жаттығу мұнарасының 2-ші қабатына көтерілу кезеңі бойынша Тұрсын Айдана 07,39 секунд нәтижесімен 1-ші орынды иеленді;

100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту сайысы бойынша Тұрсын Айдана 16,91 секунд нәтижесімен 3-ші орынды иеленді;

Чемпионаттың жеке
біріншіліктегі қоссайыс бойынша Тұрсын Айдана 24,32 секунд нәтижесімен 2-ші орынды иеленді және Тұрсын Айдана әйелдер арасында күннің ең үздік нәтижесі “Алтын бұранды” номинациясының алғашқы иегері атанды.

Түркістан облысы әйелдер құрама командасы Шабуыл сатысымен оқу-жаттығу мұнарасының 2-ші қабатына көтерілу кезеңі бойынша 2-ші орынды, 100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту бойынша 1-ші иеленді.

Жалпы есепте өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Түркістан облысының әйелдер құрама командасы қоссайыс нәтижесі бойынша жүлделі 1-ші орынды иеленді.