K-pop жанры әлем жұртының назарын аударғалы, Корея тағымдары да танымалдыққа ие бола бастады. Ал қала жастарының сұранысына қарай кәріс ұлтының өмір салтынан хабар беретін ерекше стильде «Fly Buy» дүкендер желісі ашылған.
Оңтүстік Корея өзінің баға жетпес мәдени мұрасының сақталуына аса мән береді. Ал қазақстандықтар олардың киім, шаш үлгісі мен тағамынан шабыт алады. Бұл таңқаларлықтай жайт емес, өйткені Корея біздің төртінші ірі сауда серіктесіміз.
Токпоки, рамен, кимпаб. Тіл үйірер шығыс тағамын ұсынатын бұл мекеме шымкенттіктердің көңілінен шығып үлгерген. Мұнда корей тауарлары мен тағамдары өте танымал. Ал дүкеннен қала тұрғындары тәулік бойы жаны қалаған асын пісіріп, бірден жей алады.
«Идеяның өзі нарық қажеттілігінен және қазір жас тұтынушылар арасында танымал трендті бақылаудан туындады. Сондықтан осы жерден біз корей мәдениетіне жақын форматтағы дүкен ашуды жөн санадық», — дейді дүкендер желісінің директоры Нұргүл Айқұрманова.
Дүкеннің тұрақты тұтынушысы Аяулым Нұрлыбек кәріс тағамдарын жақсы көреді. Дейтұрғанмен көп жерден қалаған затын таппайтынын айтады. Ал бұл нысан ашылғалы ол сүйікті тез дайындалатынын тағамына еш қиындықсыз қол жеткізе алдым дейді.
«Маған кореялық лайф-стайл және тағамдары ұнайды. Өте жақсы, жоғары сапада. Маған ұнайтыны мұнда таңдау. Әсіресе, рамендары ұнайды», — дейді Шымкент қаласының тұрғыны Аяулым Нұрлыбек.
Қазір қалада екі Fly-Buy дүкені бар. Мұнда кәріс тағамдарынан бөлек, Еуропадан келетін өнімдер мен тұрмыстық, химиялық өнімнің кең таңдауын ұсынады.
Мекенжайы: Тәуке хан даңғылы 2/2
Арғынбеков көшесі 29/4 (3 корпус)