Ер адамды Еңбекші ауданы полиция басқармасының жедел уәкілдері ұстады. Тексеру кезінде ұсталған азаматтан аса ірі мөлшердегі мефедрон ұнтақты заты табылды. 27 дана бірреттік доза «синтетикадан» бөлек, күдіктіден пышақ пен қанжар тәркіленді.
Ер адам бұрын есірткі заттарын таратқаны және бөтеннің мүлкін жмқырғаны үшін бірнеше рет сотты болғаны анықталды.
Қазіргі таңда ол қамауда.
Заңнамаға сәйкес, психотроптық заттарды өткізгені үшін ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.