Дәрігерлер жаңа туылған нәрестені аман алып қалды

42
фото ШҚДСБ

 

Шымкент қалалық №2 ауруханасының перзентхана бөлімінде 28-шілде күні 27-апталық бала дүниеге келді. Туылған кезде салмағы не бәрі 970-грамм болған. Жарық дүние есігін ашқан сәбидін жағдайы өте ауыр болған.

Дәрігерлердін айтуынша сәбиге алғашқы реанимациялық көмек көрсетіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Туа біткендегі ағзаларының толық дамымауына байланысты нәресте протокол бойынша жансақтау бөлімінде толық емін алып шыққан.

 

«Өкпені жетілдіруге арналған препараттар, антибиотиктер, ағзаның өсуіне қажетті инфузионды терапия арқылы ем жүргіздік. Өмірінің 38-тәулігінде жағдайының тұрақты болуына байланысты нәрестелер потология бөліміне ауыстырдық», — дейді №2 қалалық ауруханасының дәрігер-неонатологі Қаракөз Асқарқызы.

Қазіргі таңда ана мен баланың өміріне төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ дейді дәрігерлер. Ал баланың салмағы болса 1512-граммға жеткен. Бала өздігінен дем алуды.