Úı ANONS Кентау қаласында жаңа туған нәрестенің денесі табылды

Кентау қаласында жаңа туған нәрестенің денесі табылды

фото ТОПД
Кентау қаласында жаңа туған нәрестенің денесі табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Аталған дерек бойынша қазіргі уақытта баланың анасын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері аулааралық аумақтарды аралап, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеуде, сондай-ақ жақын орналасқан үйлердің тұрғындарымен және ықтимал куәгерлермен сұхбат жүргізуде.
Бұдан бөлек, медициналық мекемелер де кешенді түрде тексерілуде.
Барлық мән-жайларды анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жалғасуда. Тергеу нәтижелері бойынша заңға сәйкес тиісті шешім қабылданатын болады.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне қатысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.