Созақ аудандық “Мыңжылқы” мәдениет үйінде, Халықаралық дәреждегі жаттықтырушы Қуанышбек Жұмаділдаев бір мезетте 30 қарсыласпен шахмат сеанысын өткізді. Басекелестері Созақ ауданының тұрғындары. Бірі мектеп оқушысы болса, бірі ұстаз, бірі зейнет жасындағы жандар.
Қуанышбек Жұмаділлдаев математика ғылымдарының кандидаты, ММУ түлегі,
Қазақстан шахмат федерациясы степендианты. Қазақ Ұлттық Университетінде оқытушы болған. Шахмат туралы 16 кітаптың авторы, көптеген шахмат шеберлерінің еңбектерін қазақ тіліне аударған.
Қазіргі таңда Түркістан қалалық балалар және жасөспірімдер спорт клубында шахматтан жаттықтырушы болып еңбек етеді. Шәкірттері Қазақстан шахмат шеберлер болды. Әлемдік деңгейде танымал жаттықтырушы. Сондай-ақ, бүгінгі шараға
Қазақстан шахмат федерациясының Түркістан облысы филиалы атқарушы директоры, шахмат жаттықтырушысы Майкотов Асхат, Халықаралық Жазушылар Одағы мүшесі, журналист, БЖСК шахмат нұсқаушысы Пашанова Алима да қатысты.
Айта кету керек, ертең “Шахмат керуені” аясында Созақ ауданында шахматтан ашық біріншілік өтеді.