21 жастағы ер адам қала аумағында «синтетиканы» таратумен айналысқан.
Оны полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері құрықтады.
Тексеру барысында одан мефедрон салынған бумалар табылып, тәркіленді. Психотроптық заттардың жалпы салмағы 100 грамнан асады.
Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Анықталған жайт бойынша полиция тергеу әрекеттерін жүргізуде.
Тәртіп сақшылары есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстар үшін ұзақ жылдарға бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертеді.