Жас кәсіпкер сабын өндірісін өрістетіп отыр

29
фото ЖАӘБҚ

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерді дамыту жөніндегі ұлтық жоба шеңберіндегі жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты алуға, комиссияның оң қорытындысымен Көкенов Нұралы Жақсыбекұлы 2023 жылы 1 380 000 теңгенің грантын ұтып алып, қаржыға арнайы сабын өндірісіне керекті заттарын сатып алған.

Мемлекеттің қолдауымен үйінен сабын өндірісі кәсібін ашқан. Кәсіпкер кәсібін бастамас бұрын нарықты зерттеп, қыр-сырын жетік меңгерген. Қазіргі таңда жанына жалау болып жүрген әкесі Ж.Мырзахметовпен бірге сабын шығарып сұраныстарға ие болуда.
Мемлекеттік бағдарламалар аясында берілген қаражаттың мақсатты жұмсалып, кәсіпкерлер қатарының артуы-елдегі жұмыссыздықтың төмендеуі мен халықтың әлеуметтік жағдайын арттырудың тиімді жолы болмақ.