Шайбалы хоккей бойынша мемлекеттік сатып алу жойылды

31
фото olympic.kz

 

 

Астана қаласының Есіл ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу сомасын негізсіз асыра бағалауды анықтады.

Жергілікті атқарушы орган 446 млн теңгеден астам сомаға республикалық және халықаралық жарыстарға шайбалы хоккей командаларын дайындау және қатысу үшін сатып алуды жариялаған.

Конкурстық құжаттаманы зерделеу барысында 117 млн теңгеге асыра көрсетілгендігі анықталды.

Қадағалау актісі негізінде конкурстың күші жойылды, бюджет қаражатын негізсіз жұмсауға жол берілмеді.