Веложолды басып өткен жүргізуші 5 тәулікке қамауға алынды

21
фото ШӨКҚ
Шымкентте Toyata Camry автокөлігінің жүргізушісі велосипедке арналған жолақпен жүргені үшін сот шешімімен әкімшілік жазаға тартылды.
Оқиға 23 қазан күні серуендеу аймағында орын алған. Балалар теміржол вокзалының орнына салынған бұл аумақта тек жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге жүруге рұқсат етілген. Автокөліктің мұнда жүруі қатаң тыйым салынған.
Заңбұзушылықты байқаған полиция қызметкерлері жүргізушіге қатысты хаттама толтырып, істі сотқа жолдады.
Нәтижесінде, сот шешімімен жүргізуші Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасына кесілді.
Бұл оқиға велосипедшілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады.